Қайғылы оқиға Чэнду қаласында орын алған. Сабақта тыныш отырмай, сөйлегені үшін мұғалім бесінші сынып оқушысына мың рет «кешіріңіз» деп жазғызып, кейін оқушының төменге секіруін талап етсе керек.
Бала секіріп, төмендегі автокөліктің үстіне құлаған. Кейін қаза болған баланың дәптерінен: «Мұғалім, мен бұлай жасай алмаймын», «Мен секіруге қорқамын» деген жазу табылған.
Баланың әкесі мен шешесі болған жағдайға байланысты 30 жастағы «Чен ханымды» айыптап отыр. Қайғыдан қан жұтқан баланың ата-анасы мектептің жанына баннер іліп, оған ірі қылып балаларының мұғалімнің кесірінен қаза болғанын жазып қойған. Полиция болған жағдайға байланысты тергеуді бастады.
Атап өту керек, Қытайда қатаң тәртіп білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болап табылады.