Жарылыс бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30-да қытайлық Sinopec ірі мұнай химия корпорациясына тиесілі мұнай құбыры тармағында жөндеу жұмыстары кезінде орын алды. Алдын ала бағалау бойынша, апатқа құбырдан түнде мұнай ағуы себеп болған.
Бұдан бұрын 48 адам зардап шегіп жергілікті ауруханаларға жеткізілгені туралы ақпарат таралған еді. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуды. Апат себептері анықталуда.