Агенттіктің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін жергілікті уақытпен сағат 07:00 шамасында Яньань қаласындағы Yangcheng Oil Field компаниясының өндіріс алаңында болған.
Тергеушілер көлікке қондырылған қондырғыны сынақтан өткізу кезінде кенет жарылып кеткенін айтады. Қондырғы - Хунань провинциясындағы энергетика компаниясынікі.
Зардап шеккендердің бәрі де ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты дейді.
Жарылыс себептері анықталуда, тергеп-тексеру жүріп жатыр.