Қытайда Н7N9 тұмауын жұқтырған бір адам анықталды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Чжуншань қаласында H7N9 құс тұмауы вирусын жұқтырған тұрғын анықталды.

Бұл диагноз 50 жастағы жергілікті тұрғынға қойылған, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір ол ауруханалардың бірінде ем алуда.

Айта кетейік, 4 мамыр күні Гуанчжоу қаласында H7N9 құс тұмауының вирусын жұқтырған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған науқас жан тапсырған болатын.

Сәуір айында аталмыш дерттен төрт адам ажал құшты. Барлық жағдайлар Оңтүстік Қытайдың Гуандун қаласында анықталған.

Жыл басынан бері елде 120 құс тұмауы вирусын жұқтыру оқиғасы тіркелген. Ол ондаған адамдардың өмірін жалмады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы әзірге H7N9 түріндегі құс тұмауының вирусының адамнан адамға жұғатынын нақты дәлелдейтін дерек тапқан жоқ.