Ауруды жұқтырғандардың бірі Гуансир-Чжуан автономды ауданында тұрса, екіншісі Фуцзянь провинциясынан, ал Гуандун және Чжэцзян провинцияларында аталмыш дертпен науқастанған сегіз адам анықталды.
Айта кетейік, құс тұмауының бұл вирусы алғаш рет Қытайда 2013 жылдың наурыз айында анықталған болатын. Алайда, әлі күнге дейін оның адамнан адамға ауа-тамшылық жолмен жұғатыны дәлелденбеген. Соған қарамастан, микробиологтар вирус штаммы мутацияға ұшыраған жағдайда ондай жағдайдың орын алуы мүмкін екендігін де жоққа шығармай отыр.
Сәл бұрынырақ қытайлық сарапшылар вирустың таралуына елде Жаңа жылды тойлау ықпал етуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Өйткені, дәл осы кезде қытайлықтар құс етін көбірек пайдаланды, ал бұл өз кезегінде құс тұмауын жұқтыруға себеп болуы мүмкін.