Қытайда «Непартак» дауылынан 21 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясына соққан «Непартак» дауылынан 21 адам мерт болды, тағы 13 адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ТАСС.

Дауыл кезіндегі нөсер жауын кесірінен алты қаланы сел басқан. Билік 506 мыңнан астам халықты қауіпсіз жерге көшірді.

Сұрапыл апат соққысынан 8,3 мың баспана қирады. Электр және сумен жабдықтау қызметі бұзылды. Тікелей экономикалық шығын 7 млрд юаньға (1,05 млрд. доллар) бағаланды.