Қытайда нөсер жауын салдарынан 400 мыңға жуық адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Қытайда Хубэй провинциясы Хуанган қаласында нөсер жауын салдарынан 400 мыңнан астам адам зардап шегіп, ондаған жергілікті тұрғын хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлады Xinhua.

Хабарламаға сәйкес 18 маусымда сенбіден бастап қалада нөсер жауын жауды. Оның соңы су тасқынына ұласып, үйлер, көпір, бөгеттер, жолдар қирады, ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді су басты.

 «Жексенбіде 400 мың адам зардап шекті. Ондаған адам хабар-ошарсыз кетті. Бірнеше мыңдаған адам шұғыл эвакуацияланды» , - делінген хабарламада.

Қытайлық синоптиктер алдағы екі күнде ауа райы нашарлай түсетінін алға тартуда. Гуйчжоу, Хунань, Хубэй және Юньнань провинцияларында дүйсенбі таңға дейін найзағай ойнап, нөсер жауын жауады, кей жерлерде 200 мм-ге дейін ылғал түседі.

Қытайдың үш провинциясы Хунань, Гуандун және Гуанси-Чжуанск автономиялық ауданында су тасқыны  салдарынан 10 адамның өмірі  қиылып, 13 адам хабар-ошарсыз кетті.