ҚХР азаматтық әкімшілік министрлігінің мәліметтері бойынша, Фуцзянь, Цзянси, Хунань, Сычуань, Юньнань, Гуйчжоу, сонымен бірге Гуанси-Чжуанс автономдық ауданы мен орталыққа бағынатын Чунцин қаласында нөсерлі жауыннан 4,9 млн. адам зардап шекті, 337 мың тұрғын қауіпсіз аудандарға көшірілді. Табиғи апат 8 мың тұрғын үйді қиратып, 66 мыңына зақым келтірді.
Жалпы су тасқынынан келген экономикалық залал 4,08 млрд юаньді құрады.