НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейжіңде Олимпиада нышандары бар кәдесый бұйымдарына сұраныс өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.
Қытайда кәдесыйлар сататын дүкендердің алдында ұзын-сонар кезек пайда болған. Олимпиада ойындарның нышандары бейнеленген мүсіндер мен жұмсақ ойыншықтарға сұраныс артқан.
Сондай-ақ Олимпиада ойындары Қытайдың жаңа жылы, яғни көктем мерекесіне тура келгендіктен кейбір өндірістегі жұмысшылар демалысқа кеткен. Елдегі кәдесый тапшылығына бұл жағдай да әсер етуі мүмкін.
Қазір Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті тауарлардың жеткізілімін ұлғайту үшін тиісті бөлімдермен жұмыстар жасалып жатқанын айтты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.