Зардап шеккендердің арасында 18 өрт сөндіруші мен оларға жол көрсеткен орман шаруашылығының қызметкері бар. Олардың барлығы сейсенбі күні түнгі сағат 2-де жел бағытының кенеттен өзгеруі салдарынан тілсіз жаудың қоршауында қалған.
Жергілікті фермада өрт дүйсенбі күндізгі сағат 15:51-де басталған және қатты жел салдарынан жылдам таралып кеткен, деп хабарлайды Сичан қаласының жергілікті ақпараттық бюросы.
Бұған дейін ҚазАқпарат дүйсенбі күні тілсіз жаумен күреске екі мыңнан астам адам жіберілгені туралы хабарлаған болатын.