Бұл жайлы Қытайдағы Алтай ақпарат торабы хабарлап отыр. Бұл туралы BAQ.KZ жазады.
«Буыршын аңызы» атты бұл фильмге Ресейден ата-анасымен еріп Буыршынға келген кішкентай орыс қыз Инна мен қазақ баласы Баянның арасындағы достық, сүйіспеншілік арқау бола отырып, XX ғасырдың елуінші жылдарындағы Қытайдағы қазақ өмірі сомдалады. Фильмге қытайдың әйгілі әртісі И Жушың және басқа да белгілі әртістер түседі екен.
Шыңжаң телеарнасы, Шыңжаң кино компаниясы мен Шанхай Широ мәдениет компаниясы бірлесіп түсіретін «Буыршын аңызы» осы жылдың соңына дейін көрерменге ұсынылады деп жоспарланыпты.