Қытайда осыдан бір апта бұрын опырылған туннельде қалып қойған13 жұмысшы құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясында жексенбі күні опырылған туннельде қалған 13 жол жұмысшысы шығарылды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Аталған оқиға Шицян қаласына жақын маңда орын алды. ТЖ кезінде адамдар туннельге шығатын жерден 600 метр қашықтықта болған.

Дүйсенбі құтқарушылар үйіндінің астынан шағын саңылау жасап, сол арқылы оларға су мен азық-түлік жеткізді. Сыртқа шығарылған жұмысшылардың бәрі ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайлары жақсы деп айтылуда.