Д.Першингтің айтуынша, АҚШ-тың жаһандық жылымықпен байланысты зиянды газдардың шығарылуын шектеу қажеттілігіне қатысты пікірі дамушы елдердің, оның ішінде Қытай мен Үндістанның пікірлеріне қайшы келіп отыр. Осыған орай, Тяньцзиньдегі келіссөздердің барысында және қараша айында Мексикада өтетін БҰҰ-ның Климаттық проблемалар жөніндегі саммитінде оң нәтижелерге қол жеткізу үшін біраз жұмыстар атқарылуы керек.
АҚШ-тың «Киото хаттамасына» қосылғанын, бірақ оны Конгрестің ратификацияламағанын атап көрсеткен Д.Першинг, осыған орай АҚШ үкіметі климаттың өзгеруі саласындағы тиісті ережелерді Парламенттен тыс қабылдағалы отырғанын жеткізді.
Тяньцзиньде бас қосып отырған 170-тен астам елдің өкілдері мерзімі 2012 жылы аяқталатын Киото хаттамасын алмастыра алатын келісімді талқылауда.