Қытайда отқа оранған автобуста сегіз адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында автобустың өртенуі салдарынан сегіз адам ажал құшты, бес адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости CCTV телеарнасына сілтеме жасап.

"Шэньси провинциясындағы күре жолда автобустың отқа орануы салдарынан сегіз адам қаза тапты, бесеуі жарақаттанды", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастап кетті, төтенше жағдайдың орын алу себептері әзірге хабарланбай отыр.