АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай Цзянси провинциясындағы Пинсян қаласына жақын жердегі Шанли уезінде болған, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
22 қыркүйек күні таңертең жергілікті билік тексеру кезінде анықталған жүйелі қауіпсіздік мәселесіне байланысты кәсіпорынның жұмысын тоқтатуды тапсырған.
Алайда зауыт қызметкерлері кешқұрым жұмысты қайта бастаған. Сол кезде жарылыс болған.
Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.