Бамбук аюы Ухань қаласындағы (Хубэй провинциясы)зообақта тіршілік кешіп жатыр. Қазіргі уақытта бұл аймақта ауа температурасы 36 градусқа жетті, деп хабарлайды gazeta.ru.
Вэйвэйдің денесі қызып етпеуі үшін оған 200 келі мұз кесегі берілді. Ол бұл мұзға сырғанап, оған жамбастай жатып зообаққа келушілерді таңдандырды.
«Үлкен панда күні бойы мұз кесегін құшақтап, бамбуктен кейінгі ең керекті затын тапқандай «дәмін татып» көріп, керемет әсер қалдырды»,-деп жазды басылым.