Сайлау 12-ші шақырылымдағы Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысының (ХӨБКЖ, жоғары заңнамалық орган) 1-ші сессиясының төртінші пленарлық отырысында өтті.
ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, Бейжіңде қытайлық парламенттің жылсайынғы сессиясының аясында ҚХР-дың жоғары мемлекеттік лауазымдарына кандидаттарға дауыс беру өтуде.
ХӨБКЖ-ның тұрақты комитетінің төрағасын, оның орынбасарларын сайлаудан бөлек, ҚХР төрағасын, оның орынбасарын және ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасын сайлау өтеді.