Іс-шараға әлемнің сегіз елінен пианиношылар, сондай-ақ мұғалімдер, студенттер, өнер сүйер қауым мен көз жанарынан айырылған қытайлық балалар қатысты.
Акция кезінде 666 фортепианомен Шуберттің әскери маршы орындалды. Қолданылған фортепианолардың жалпы құны 50 млн юаньнан (7,3 млн доллар) асады.
Осылайша, 2007 жылы Кореяның Инчхон қаласында 555 пианиношы орнатқан әлем рекорды жаңарды.