Қытайда піл тұмсықты доңыз дүниеге келді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Суреттерде пілдің баласы көрсетілген. Шын мәнісінде, сырт көзге бір түрлі көрінетін бұл жануар - торай. Алайда, жаңа туған торайдың аузы жоқ, есесіне оның пілдікі сияқты тұмсығы бар. Бұл жануар Қытайда дүниеге келді, деп хабарлады Day.Az Huffington Post-қа сілтеме жасай отырып.

Шошқа бұдан бөлек тағы 7 торай туған. Алайда, мұндай мутант тек, осы торайдан ғана байқалған. Ол туғаннан кейін, екі сағат өткесін өліп қалған.

Қораның иесі осы оқиғаны таныстарына айтып, көрсету үшін торайды қатырып қойған.