Қытайдың орталық телеарнасы хабарлағандай, шабуыл салдарынан 3 полиция қызметкері жараланған.
Естеріңізде болса, бұған дейін Қытай соты 81 адамды терроризмге қатысы бар деп айыптап, үкім шығарған болатын.
Деректер бойынша, шабуыл белгісіз біреулер мінген көліктің полиция бөліміне соғылуынан басталған. Артынша жарылыс орын алған. Сақшылар бірден шабуылдың бетін тойтаруға кірісіп, 13 террористің көзін жойған.