Қытайда полиция тұрғын үйден 16 адамның мүрдесін тапты
12:45, 29 Қыркүйек 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Юньнань провинциясында полиция бейсенбіде тұрғын үйлердің бірінен 16 адамның мүрдесін тапты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Мәйіттер Хуэйцзэ уезіндегі үйден табылды. Полиция деректеріне сәйкес, олардың барлығы кісі қолымен өлтірілген. Құрбандардың ішінде үш бала бар.
Оқиға жайлы егжей-тегжейлі хабарланбай отыр. Тергеу жалғасуда.