Бұған дейін Қытай БАҚ-тарында провинция кенттерінің бірінде 28 жастағы әйелдің қайтыс болғаны туралы ақпарат шыққан. Полиция әйелдің пестицидтерден уланып, көз жұмды деп мәлімдеген. Бірақ әйелдің ағайын-туыстары оның қазасына күйеуі кінәлі екенін айтып, куәлік берген.
Алайда оны полицияға айтып, оларды бұған сендіре алмаған ауыл тұрғындары ашумен марқұмның күйеуін соққыға жығып, әйелдің мүрдесін төркініне апарып берген.
Іске жергілікті билік көздері араласқан соң, жүздеген ауыл тұрғыны олардың жолдарды бөгеп, жергілікті полиция учаскесіне басып кірді. Олар тәртіп сақшыларын қылмыскердің кінәсін жасырғаны үшін айыптады.