Қытайда роботтар арасында футболдан әлем чемпионаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хэфэй қаласында Аньхой (Шығыс Қытай) провинциясының әкімшілік орталығында 19-23 шілде аралығында роботтар арасында футболдан 19-шы әлем чемпионаты өтеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Биыл RoboCup-қа әлемнің 46 елі мен өңірлерден 3200 адам қатысады, RoboCup аясында футболдан басқа да додалар ұйымдастырылады. Мысалы, тұрмыстық роботтар мен құтқарушы роботтар арасында жарыс өтеді.

Айта кетейік, RoboCup - жыл сайын роботтехникалардың қатысуымен өтіп тұратын мәдени шара. Ол алғаш рет 1997 жылы Жапонияда ұйымдастырылған.