Қытайда салмағы 50 келі, ұзындығы 2 метр борсық қаңқасы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясынан шамамен 6 миллион жыл бұрын өмір сүрген беймәлім борсыққа немесе кәмшатқа ұқсайтын аң қаңқасы табылды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Сүйектер арасынан бас сүйек мен қаңқа бөліктері жақсы сақталған.

Ол шамамен 50 келі болған және ұзындығы екі метрге дейін жеткен. Яғни, қазіргі кәмшаттан не борсықтан екі есе үлкен, қасқырмен шамалас.

Компьютерлік томография арқылы бас сүйекті қалпына келтірген ғалымдар тіс пен бас сүйектің құрылысы қазіргі кәмшат пен борсықтарға тән екенін анықтады. Лос-Анджелестегі Жаратылыс тарихы музейі Омыртқалы палеонтология бөлімінің басшысы Ван Сяомин Шығыс Азияда өмір сүрген борсықтың бұл түрінің жойылып кеткенін айтты.