Қытайда шабуылдаушы ұшақ ғимарат үстіне құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайчжоу (Чжэцзян провинциясы) қаласында ғимарат үстіне шауылдаушы ұшақ құлап түсті. Бұл туралы елдің Орталық телеарнасы Tуиттердегі парақшасында жария етті.

Ресейлік РБК агенттігінің хабарлауынша, бос тұрған ғимарат өртеніп кеткен. Ұшқыш катапульта жасап аман қалған. Оқыс оқиғадан басқа да зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Оқиғаның суреті Қытайдың Орталық телеарнасы таратты. Суретте ғимараттың жоғарғы қабаттары жанып жатқаны көрініп тұр. Қазір сол жерде өрт сөнедірушілер жұмыс істеуде.