Соңғы бес кеншінің денелерін құтқарушылар жер астынан бүгін алып шықты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі, қазанның 16-сы күні Қытайдың Хэнань уәлаятындағы Юйчжоу қаласында Pingyu Coal & Electric Co. Ltd компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болған еді. Оқиға кезінде шахтада 276 адам болған, олардың 239-ы ғана аман қалып отыр.