Қытайда шахтадағы өрттен 13 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР-дың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясындағы кенорындарының бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты, 10 адам жараланды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, оқиға Хулудао қаласында болған. Жергілікті уақыт бойынша 21-07-де шахта ішіндегі дәнекерлеу орнында өрт тұтанған. Қазіргі уақытта тілсіз жау сөндірілді. Оқиға кезінде жер астында 23 адам болған. Жараланғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.