Атап айтқанда, Шэньси провинциясының Еңбек қуіпсіздігі басқармасының бұрынғы басшысы 2012 жылдың тамызында 36 адам опат болған жол-көлік оқиғасы орнында күлімдеп тұрған жерінде фотосуретке түсіп қалғаннан кейін интернет-пайдаланушылардың ашуын келтірген еді.
Осыдан кейін блогерлер осы және басқа да фотосуреттерде Ян Дацайдың элиталы маркаға жататын қымбат сағатын байқап қалған. Бұл өз кезегінде тергеу жүргізуге себеп болды.
Интернет-пайдаланушылардың пікірінше, шенеунік мемлекеттік қызметкердің жалақысына осынша құнды сағатты алуға қауқарсыз.
Өткен жылы оны Шэньси провинциясындағы қызметінен босатып, ал биылғы ақпанда коммунистік партиядан да шығарылған болатын.