деп хабарлайды қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары.
Мұндай шоколад паркін ашуға «шоколадқұмар» қытайлықтардың қатарының көбеюі себеп болып отыр. Келесі жылдың басында бейжіңдіктер Роальд Дальдің повесіндегі сиқырлы фабрикаға ұқсайтын шоколад ертегісіне сапар жасай алады.
Қытайлықтар «арман паркі» деп атап үлгерген ол нысанның аумағында шоколадтан жасалған Терракот армиясын, Ұлы Қытай қорғанын, әлемдік өнердің кейбір туындыларын көруге болады.
Парк Olympic Green ботаникалық бағының ішінде орналасады. «Шоколад фабрикасы» бес жабық және екі ашық павильоннан тұрады.
Дегенмен, жобаны жасаушылар, жаңа паркте шоколадтан дәм татуға болатындығы туралы әзірге ештеңе айтпай отыр. Бірақ та, қандай да бір жәдігерден «дәм татқандарды» айыппұл күтетіні анық.