Қытайда Си Цзиньпин жайында ағылшынша әліпби шығарды
А әрпі 2013 жылғы маусымда америкалық Анненбергте өткен Обама мен Си Цзиньпиннің кездесуіне арналды. В әрпі екі көшбасшының туған күндері жайлы айтады және қытай көшбасшысы америкалық басшыдан 8 жас үлкен екені атап өтіледі. І әрпі 1985 жылы Си Цзиньпин жүгері өсіруді оқып-үйрену үшін барған америкалық Айова штатына арналған.
Комикс түрінде рәсімделген көркем басылым беттерінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, қытай экономикасы, ҚХР төрағасының жастарға қамқорлығы жайында жазылған. Оның жеке басының қасиеттеріне де баса көңіл бөлінген.
ҚХР төрағасы АҚШ-қа ресми сапармен 22 қыркүйекте барады. Кездесу барысында америка президентімен олар өткір мәселелерді, атап айтқанда, Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы аралға байланысты жағдайды, климаттың өзгеруімен күрес, экономикалық қиындықтар мен адам құқықтарының проблемаларын талқылайды.
Си Цзиньпин Қытайды 2013 жылғы наурыздан бастап басқарады. Ол елдің Коммунистік партиясы ОК бас хатшысы қызметімен қоса ҚХР Төрағасы міндетін атқарады.