Global Timesбасылымы Sinovac басшысы Инь Вэйдуннің мәлімдемесіне сілтеме жасап жазуынша, CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануы мақұлданған.
«Бірақ вакцина қандай жағдайда салынады және қай жастан бастап қолданылатыны әлі шешілмеген», - деді компания басшысы.
Sinovac аталмыш жас аралығындағы к линикалық сынақтардың І және ІІ кезеңін аяқтады, оған бірнеше жүздеген ерікті қатысты. Сынақ қорытындысы вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсетті.
Маусым айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Sinovac компаниясының коронавирусқа қарсы шығарған вакцинасының шұғыл жағдайда қолданылуын мақұлдады.
Авторы Руслан Сүлейменов