Цянь Жэньфэн балабақшада жұмыс істеген, онда нәресте тағамға уланып көз жұмған, тағы екі бала ауруханаға жатқызылады. Сот сол күні тағам дайындаған әйелді айғақты дәлел беруге, тағамға тышқан уын қостым деп айтуына мәжбүрлегенін қаулы етті, деп хабарлады РИА Новости.
Үкім 2002 жылы ақпанда шығарылған. 2013 жылы шілдеде Юньань провинциясының прокуратурасы істі қайта ашып, айыптың дәлелденбегені туралы тұжырымға келді. Әйел биліктен 1,45 млн доллар көлемінде өтемақы талап етті.