Қытайда сотталған үш Қазақстан азаматы Отанына қайтарылды
2017 жылғы 1 наурызда Қытайдағы Қазақстан Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен кездесуі кезінде осы азаматтарды Отанынан қайтару туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта қытайлық түзеу мекемелерінде әр түрлі қылмысы үшін 9 қазақстандық азамат бар. ҚР мен ҚХР сотталған адамдарды қайтару туралы шартына сәйкес Қазақстан Елшілігінің Консулдық бөлімі ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және оларды Отанына қайтару жұмыстарын жүргізуде. Таяу уақытта тағы сотталған 3 қазақстандықты кері қайтару мәселесі қаралады.
2015 жылғы қыркүйектен бастап қытай тарапы ҚХР-да жазасын өтеп жатқан 14 адамды қайтарды.
Шетелде ҚР жеке және заңды тұлғаларының құқықтарын қорғау ҚХР-дағы ҚР Елшілігі консулдық қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.