Ол бортқа жолаушыларға арналған тағамдарды қабылдап жатқан кезде лайнердің есігі мен фюзеляждың арасында пайда болған саңылауға құлап кеткен.
Әйел біршама уақыт қолдарымен есік жақтауынан ұстап тұруға әрекеттенген, бірақ ұзаққа шыдай алмаған.
3 метр биіктіктен құлаған стюардесса бел омыртқасын сындырып алды.
Оған ауруханада шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды The Daily Mail.