CNTV дерегі бойынша, құтқару операциясы сәрсенбі күні аяқталып, тек бес адам тірі қалған. Қазір оларға медициналық көмек көрсетілуде.
Оқиғаның себебін анықтау мақсатында тергеу басталды.
Қайғылы жағдай Тайюань қалалық округінің Цинсюй уезіндегі көмір шахталарының бірінде түн ортасында болған. Кеншілердің төртеуімен байланыс болған, бірақ олар жердің бетіне шыға алмаған.