Апатты жағдай жексенбі күні түстен кейін орын алған болатын. Вэйюань уезіндегі бір шахтада жарылыс болып, бұрын хабарланғанындай, жиырма сегіз кенші жер астында қалып қойды. Қазір олардың саны 29 адам екені анықталып отыр. Құтқарушылар шахтадағы суды сыртқа айдау жұмыстарымен айналысуда. Жер астындағы кеншілерді аман-есен шығару үшін басқа да тәсілдер қарастырылуда.
20:30, 22 Қараша 2010
Қытайда су басқан шахтадағы кеншілер тірі
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында 29 кеншіні құтқару жұмыстары жалғасуда. Олар көмір шахтасын су басуы себепті бұғатталып қалған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, жер астында бұғатталып отырған барлық кеншілер де тірі көрінеді, деп хабарлайды ИТАР -ТАСС.