Қытайда су тасқынынан 55 адам қаза тапты

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Қытайда су тасқынынан 55 адам қаза тапты. Тағы 14 адамның тағдыры беймәлім, деп хабарлады 24 KZ.

Ең көп зардап шеккен Гуандун провинциясы. Соңғы күндері онда 36 адам қаза тауып, 10-ы із-түссіз жоғалды. Қытайдың орталық ауданында шамамен 1 миллион 590 мың адам табиғат апатынан зардап шекті. Аймақта өзендер арнасынан асып, лай көшкіні жүріп жатыр. Вэйцзян өзені соңғы 100 жылда бірінші рет қатты тасыды. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын демалыс күндері де жалғасады.