Қытайда су тасқынынан 700 мыңнан астам адам зардап шекті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық қытайлық Хунань провинциясында нөсер жауын салдарынан орын алған су тасқынынан 407 мыңнан астам адам зардап шекті.

19 мамырда Орталық қытайлық телевидение хабарлағандай, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданда (Оңтүстік-Батыс Қытай) апаттан 300 мыңдай адам зардап шеккен, деп хабарлады ТАСС.

Жергілікті билік шұғыл түрде 13,3 мың адамды қауіпсіз жерге көшіргендігі хабарланады. Провинция өзендерінде су деңгейінің күрт көтерілуі салдарынан 45 мың га ауыл шаруашылығына жарамды жерді су басып қалды. Табиғи апат сондай-ақ жолдар мен байланыс желілерін зақымдады, кей аудандарда жарық өшіп қалды. Қазір билік су тасқынынан келген шығын көлемін бағалауда.