Қытайда сутекпен жүретін әлемдегі алғашқы трамвай іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР солтүстік-шығысындағы Хэбэй провинциясы Таншань қаласында сутекпен жүретін трамвай іске қосылды.

Жаңа көлікті China Railway Rolling Corporation (CRRC) корпорациясы жасап шығарды, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Трамвайдың бір артықшылығы - ол қозғалған кезде, ешқандай ластаушы заттарды бөліп шығармайды. Жанармай элементтері ішіндегі реакцияның температурасы 100 градус Цельсиядан төмен, сондықтан ешқандай азот оксиді пайда болмайды. Қозғалтқыштан шығатын жалғыз зат - су болмақ.

Вагонның едені мен рельстер арасындағы қашықтық 35 сантиметрді құрайды, бұл жолаушыларды отырғызуды жеңілдетеді.

Сутегі құю 15 минутқасозылады, ал жанармай 40 шақырым жолға жетеді. Трамвайдың максималды жылдамдығы сағатына 70 шақырымды құрайды.