Ғалымдар Қытайдың Синьцзянь провинциясынан табылған Жердегі алғашқы ағаштардың тасқа айналған қалдықтарын зерттей келе осындай қорытынды жасады. Табылған қазба деректерінің жасы 374 млн жыл төңірегінде. Ғылыми журналдарда жарияланған мәліметтерге қарағанда, олар ежелгі орман табиғатының қалыптасуына, Жердегі климаттың эволюциясының дамуына негіз болған.
Табылған ағаш қалдықтарын қырыққұлақты өсімдіктер (папоротниктер) дәуіріне тиісті. Зерттеушілер ол ағаштардың биіктігі 10-12 метр, діңінің жуандығы 1 метр шамасында болғанын анықтады, сондай-ақ төбесінен бұтақ шығарғанына қарап, оларды сырттай пальма ағаштарына ұқсатуға болатынын айтады.
Ғалымдардың мәлімдеуінше, Жер бетінде біздің дәуірімізге дейінгі 393-372 млн жылдар аралығында өскен ағаштардың негізгі жауы қоңыздар мен көпаяқтылар болған, өйткені өсімдікпен қоректенетін жануарлар ол дәуірде әлі пайда болмаған еді. Ол ағаштар өсе келе діңі бөліктерге бөлініп, өзіннен-өзі жойыла берген.