Қытайда тағы да көп қабатты тұрғын үйлер қирады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда көппәтерлі үш тұрғын үй құлап, тұрғындар үйінді астында қалды, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Оқиға бейсенбі күні, 2 ақпанда ел шығысындағы Чжэцзян провинциясының Вэньчжоу қаласында таңғы уақытта болған. Белгісіз себеппен бес қабатты үш ғимарат қираған.

Үйінді астынан зардап шеккен адамдар табылып жатыр, олардың нақты саны әзірге белгісіз. Құтқару жұмыстары басталып кетті.