Қытайда тағы екі адамның «Зика» безгегіне шалдыққаны анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Зика безгегіне тағы екі адам душар болғаны тіркелді, аталған дертті жұқтырғандардың жалпы саны сегіз адамға жетті, деп хабарлады Синьхуа агенттігі Гуандун провинциясының жоспарлы бала тууы және денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетке сілтеме жасай отырып.

Осыған дейін алты адам Зика ауруын жұқтырды деп хабарланған. Сенбі күні алты жасар бала мен сегіз жасар әпкесінің дертті жұқтырғаны расталды. Олар Венесуэладан Қытайға оралған. Алдымен баланың дене қызуы көтеріліп, кейін әпкесінде бөртпе пайда болды.

РИА Новости хабарлағандай, сараптамадан кейін екеуі де Зика ауруын жұқтырғаны анықталды. Қазір ауруханада емделіп жатыр.
Осыған дейін Зика ауруының алдын алу мақсатында Қытай билігі масаларды жаппай жою шарасын жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Сәуір және мамыр айында шаралар қабылдануы мүмкін.