Қытайда танк өзенге құлап, 4 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньда оқу-жаттығуларына қатысып жүрген танк өзенге құлады. 4 сарбаз ажал құшты, деп хабарлады 24.kz

Оқыс оқиға кезінде оның ішінде 5 адам болыпты. Алайда тек жүргізуші-механик қана өз бетінше сыртқа шыға алған. Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.