Қытайда тайфун құрбандарының саны 49 адамға жетті

Фото: None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа - ҚазАқпарат – Қытай шығысындағы Чжэцзян, Шаньдун және Аньхой провинцияларына төнген «Лекима» тайфуны 49 адамның өмірін қиды. Тағы 21 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

«Лекима» тайфуны құрлыққа алапат дауыл меннөсер ала келген.

Дүйсенбі таңындағы мәлімет бойынша қазатапқандар саны 39-ға жетіп, 9 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Биыл Қытайға келген тоғызыншы тайфуннанЧжэцзян провинциясының 6,68 млн тұрғыны зардап шекті. Соның 1,26 миллионы эвакуацияланған.234 мың гектар егінге зақым келді. Келтірілген залал көлемі 24,22 млрд юаньның(шамамен 3,4 млрд доллар) айналасында.

«Лекима» Қытайдың шығыс жағалауына сенбі күнітаңғы 1:45-те жеткен. Шаньдун провинциясының Циндао жағалауына жексенбі күні 8:50-дежетті. Мұнда апат салдарынан 5 адам қаза тауып, 7 адам хабар-ошарсыз кеткен,1,66 млн адам зардап шекті, провинцияның 183,8 мың тұрғыны қауіпсіз жергекөшірілген.

Шаньдунда толассыз жауған нөсер мен дауылсалдарынан 175,4 мың гектар егістік алқабына зақым келіп, 609 үй қираған. Билік1,48 млрд юань экономикалық залал келді деп есептеп отыр. Провинцияның Вэйфанқаласында орташа жауын-шашын мөлшері 217,5 мм-ге жеткен.

Аньхойда 4 адам қаза тапты. 130 мыңнан астамзардап шегіп, 20 мыңы эвакуацияланған.

Мұнда дүйсенбідегі мәлімет бойынша, 364 үйтолықтай қирап, тағы 439-ына айтарлықтай зақым келген. 6 мың гектар егістікалқабы тып-типыл болды.

Соңғы жаңалықтар