Сырттан әкелінген жаңа жағдайлардың ішінде 8-і Гуанси - Чжуан автономиялық ауданында, 5-еуі Юньнань провинциясында, 2-еуі – Шанхай қаласында және Гуандун провинциясында және Бейжің мен Тяньцзинь қалаларында, Чжэцзян, Фуцзянь және Шаньдун провинцияларында бір-бірден анықталды. Оның ішінде Чжэцзян провинциясындағы COVID-19 диагнозы расталған пациент коронавирусты тасымалдаушылардың симптомсыз санатынан ауыстырылды.
Шанхай қаласында «шетелдік» коронавирус жұқтырды деген күдікпен бір жаңа науқас анықталды. Сол күні Қытайдың континентальды бөлігінде COVID-19-дан көз жұмғандар болған жоқ, деп хабарлады ведомство.