Оқиға бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00 кезінде теміржол вокзалының маңында орын алды. Белгісіз ер адам сол жерде өтіп жатқан адамдарға пышақ ала жүгірген. Нәтижесінде екі адам ажал құшты. Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді, алайда қазірге дейін оны мұндай әрекеттерге не итермелегені анықталған жоқ. Әзірге билік орындары теракті дерегін жоққа шығарып отыр.
22:04, 16 Маусым 2014
Қытайда теміржол вокзалы маңында тағы екі адам ажал құшты
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясындағы Ланьчжоу қаласында болған шабуыл салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті полиция қызметкерлері.