Қытайда тибеттік монах өзін өртеп жіберді

None
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Қытайдың Сычуань провинциясында Тибеттегі қытайлық саясатқа қарсылық таныту белгісі ретінде тибеттік монах өзін өртеп жіберді. Бұл жайында utro.ru хабарлады.

28 жасар монах монастырь қақпасының алдында үстіне бензин құйып, жағып жіберген. Полиция қаза болған монахтың жақындарының қарсылығына қарамастан, оның мәйітін ауруханадан алып кеткен екен.

2009 жылдан бері Қытайдың Тибеттегі саясатына қарсылық білдіру ретінде 100-ден астам тибеттіктер өздерін өртеген.