АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай тарихында тұңғыш рет әйел спортшы тұғырдан секіруден қысқы Олимпиада ойынына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы қытайдағы kazakh.people.com. сайты жазды.
Аталған ақпарат көзіне сүйенсек, осыған дейін тұғырдан секіру спортынан саны миллиардтан асатын Қытай елінен бірде-бір әйел спортшы Қысқы олимпиадаға қатысу мәртебесіне ие бола алмаған. Бүгін, сол олқылықтың орнын Чаң Шин Юе толықтырып, Қытай қысқы спорт тарихына үлкен өзгеріс жасады деп жазған.
Естеріңізге сала кетейік, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.