Қытайда тұрғын үй арзандай бастады, сатушылар жеңілдіктер ұсынып, басқа да акциялар ұйымдастыруда

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Үкімет қабылдаған шаралар арқасында Қытайда тұрғын үй бағасы биылғы жылдың маусымынан арзандай бастады, деп хабарлайды «Синьхуа».

Қытайдың 70-тен астам ірі қалаларында жылжымайтын мүлік орташа алғанда 1%-ға арзандады. Шілденің бірінші онкүндігінде екінші деңгейдегі жылжымайтын мүлікке мәміле жасау бұрынғысынша азайып, өткен ай ішінде 30%-ға кеміді. Талдаушылар келтірген пікірге қарағанда, әлеуетті сатып алушылар, әліптің артын бағып, баспанаға бағаның одан әрі құлауын күтіп отыр.