Қытайда үйсіз жүрген қарт Мона Лизаның суретін салды - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Нанкин қаласындағы көшелердің бірінде атақты Мона Лизаның суреті пайда болды. Бірақ, бұл жолы Леонардо да Винчидің әйгілі туындысын кәсіби суретші емес, үй-күйсіз жүрген қарт асфальттің бетіне салған болып шықты, деп жазады 24.kz.

Бұл үшін ол тек түрлі-түсті борларды қолданған. Қарттың айтуынша, ол сурет салуды өз бетінше үйренген екен. Күнделікті өмірде ол жұрттың садақа ретінде берген тиын-тебенін жұмсап, тіршілік ететін көрінеді. Қазір Мона Лизаның суретін қызықтау үшін халық Нанкиндегі көшеге көптеп келетін болған, деп жазады cri.cn.

Фото:https://russian.cri.cn/